Елордалық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада жеңімпаз атанды

Бүгін, 15:17
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада жеңімпаз атанды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

23-29 сәуір аралығында Литваның Вильнюс қаласында алғаш рет European Mathematical Olympiad өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған олимпиадаға 19 елден 21 команда, жалпы саны 126 оқушы қатысты. Қатысушы мемлекеттер қатарында Албания, Армения, Болгария, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Исландия, Ирландия, Қазақстан, Косово, Латвия, Литва, Солтүстік Македония, Норвегия, Польша, Словения, Швейцария және Украина бар.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Құрама қоржынына 3 алтын және 2 күміс медаль түсті. Қазақстан құрамасының бұл жарқын жеңісі халықаралық білім аренасында елдің зияткерлік әлеуетінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Олимпиаданың абсолют жеңімпазы атанған – Марғұлан Шарел, Астана қаласындағы Spectrum International School 12-сынып оқушысы;

Алтын медаль – Эльдар Усенов, Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Алтын медаль – Эрик Лим, Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;

Күміс медаль – Ерасыл Алтынбек, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы;

Күміс медаль – Ануар Ағыбаев, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:

Ярослав Гальберг, Қазақстан-Британ техникалық университетінің 4-курс студенті;

Асхат Абдыкулов, Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі.

Еске сала кетейік, астаналық оқушы әр адамның қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі.