Eлордалық тұрғын лифтте қалып қойды
13 маусым, 2025
Фото: freepik
Астанада құтқарушылар лифтте қалып қойған қызды құтқарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Түнде лифтте қалып қойған қыз 112 қызметіне хабарласып, өзінің Нұра ауданы, Тұран даңғылында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 7-қабатта лифтте қалып қойғаны туралы хабарлады.
«Шақырту орнына келген жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен кабинаның есігін ашып, 2004 ж.т. тұрғынды босатты. Оқиға сәтті аяқталып, өтініш берушіге медициналық көмек қажет болмады», - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
11 қаңтар, 2026
Астанада Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталі жаңа жабдықтармен толықты
10 қаңтар, 2026
Елорда мектептерінде балалары мемлекеттік тілде оқитын аналарға қазақ тілі курстары өтіп жатыр
9 қаңтар, 2026
Астанада мектеп оқушыларының сабаққа психологиялық дайындығын ЖИ бағалайды
9 қаңтар, 2026
Астана қаласы Әділет департаменті 2025 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады