Елордада тыныштық режимін бұзғандар жауапқа тартылды

Бүгін, 18:06
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордада тыныштық режимін бұзғандар жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Елордада қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру шараларын жүргізіп, тыныштық режимін сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мұндай алдын алу шаралары құқық бұзушылықтың азаюына және қоғамдық тәртіптің нығаюына бағытталған.

«Жыл басынан бері тыныштықты бұзу бойынша шамамен 9 мыңға жуық дерек тіркеліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданды», делінеді хабарламада.

Мысалы, таңғы сағат 5-тер шамасында Тұран даңғылы бойындағы үйдің бірінде 22 жастағы азаматтың тыныштықты бұзғаны анықталды. Аталған жағдай бойынша ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды.

Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда және тұрғын үйлерде тыныштық тәртібін сақтауға, сондай-ақ айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады. 

Еске салсақ, Астанада заңсыз қоқыс төккен жүргізушілер жауапқа тартылды