Елордада «Нұрлы жол» теміржол вокзалына баратын көше уақытша жабылады
Ж.Нәжімеденов көшесінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 15 күнге көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 10-25 сәуір аралығында А-52 көшесінен С. Шәймерденов көшесіне дейінгі учаскеде Ж. Нәжімеденов көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері орнатылады.
Басқарма өкілдері, жүргізушілерге маршрутты алдын ала жоспарлауды, аталған учаскеде жол кептелісін азайту мақсатында, қатар жатқан А. Байтұрсынов көшесімен қатынауды ұсынады.
Еске сала кетсек, елімізде жазғы инфрақұрылымдарды жөндеу маусымы басталды. ал елордада жөндеу жұмысына байланысты бірқатар көше жабылады.