Елордада Геологтар күніне орай үздіктерді марапаттау рәсімі өтті

Елордада Геологтар күніне орай үздіктерді марапаттау рәсімі өтті
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында Геологтар күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. 

Іс-шара барысында елдің геология саласын дамытуға және минералдық-шикізаттық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосқан үздік мамандарға құрмет көрсетілді.

Үздік кәсіби мамандары «Еңбек сіңірген геолог» құрметті атағына ие болды, сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрінің құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар отандастарымызға геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу қызметі және ресурстық базаны дамыту бойынша жоғары жетістіктері үшін табысталды.

Еске сала кетсек, Олжас Бектенов геологиялық барлауға отандық технологияларды енгізу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.