Елордада екі қабатты коттеджден өрт шықты

Бүгін, 11:35
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Елордада екі қабатты коттеджден өрт шықты
Фото: скриншот видеодан

Астанада Байқоңыр ауданындағы Ж.Аймауытов көшесінде екі қабатты коттедж өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жиhaздар мен жақын тұрған жиhаз шығару цехінің сыртқы қаптамасы өртеніп жатты.

«Бөлімшелердің келген кезінде 2 қабатты тұрғын үй шатырының 60 шаршы метр аумағы өртенді. Атқарылған жұмыстардың арқасында өрттің жақын тұрған жиһаз қоймасына таралу қаупінің алдын алдық. Өрт толық сөндірілді», - деді Астана қаласы ТЖД өкілі Әділхан Болатов.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін елордада көпқабатты үйдің балконы өртеніп, 8 адам эвакуацияланғанын жаздық.