Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері Республика күні қарсаңында «Таза Қазақстан» акциясын жалғастырып, Астанада 300 ағаш отырғызды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов қатысты.
Мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлері Астанадағы Ғашықтар саябағының аумағын көгалдандыруға үлес қосты. Сенбілік барысында Тұран даңғылы бойына 300 алма, мойыл және ырғай көшеттері отырғызылды.