17-21 желтоқсан аралығында елордадағы «Beeline Арена» спорт кешенінде Astana International Challenge 2025 халықаралық бадминтон турнирі өтеді. Бұл жарыс – маусымның маңызды жарыстарының бірі және Дүниежүзілік бадминтон федерациясының (BWF) ресми күнтізбесіне енгізілген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Турнирге АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдерінен 40-тан астам мемлекет өкілдері қатысады.
Astana International Challenge – BWF International Challenge Series халықаралық сериясының бір бөлігі, онда спортшылар әлемдік рейтингке қажетті ұпайларды сарапқа салады.
Көптеген қатысушы үшін бұл жарыс Олимпиада циклі мен ірі халықаралық чемпионаттарға дайындық жолындағы маңызды кезең болмақ.
Турнирдің Астанада өтуі Қазақстанның әлемдік бадминтон картасындағы орнын одан әрі нығайта түседі.
Ұйымдастырушылар жарысқа жоғары деңгейде дайындалғанын және жастар арасында бадминтонға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.