Елорда құтқарушылары мұз арасында жүзіп жүрген итті жағаға алып шықты

Елорда құтқарушылары мұз арасында жүзіп жүрген итті жағаға алып шықты
ЖИ өңдеген ТЖД видеосының скрині

Бүгін таңертең Сарайшық көшесі маңында Арқар көпіріне жақын жерде мұзы ойылып, еріп жатқан Есіл өзеніне ит түсіп кетіп шыға алмай жүргенін айтып куәгерлер қоңырау шалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аэрoқайықпен жедел жетті. Бұл техника суда және мұзде да жұмыс істеуге арналған. Оның жоғары өтімділігі мен маневрлігінің арқасында құтқарушылар суда қалып, мұз арасында шыға алмай жүрген итті құтқаруға кірісті.

Арнайы құрал-жабдық және арқанының көмегімен құтқарушылар сары итті судан шығарып, жағаға жеткізді.

Еске сала кетсек,Астанада көпқабатты үйдегі өрт кезінде 9 бала арнайы масканың көмегімен құтқарылды.