Елорда прокуратурасы жағажайдағы қауіпсіздік талаптарын тексерді
«Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру аясында «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдар басшылығының қатысуымен коммуналдық жағажай аумағында көшпелі іс-шара өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Іс-шара барысында шомылу маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құтқару қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру, жағажайдың қажетті құтқару құралдарымен жабдықталуы, сондай-ақ су айдынындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселелері қаралды.
Демалушылардың қауіпсіздігіне әсер ететін өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға анықталған кемшіліктерді жою, халық арасында профилактикалық жұмысты күшейту және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған қосымша шараларды қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Аудан прокуратурасы азаматтардың жаппай демалу орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты тұрақты бақылауда ұстайды және бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.