03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордадағы автотұрақта ақы төлеуден босатылған мүгедектер көлігіне айыппұл салынған

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордадағы автотұрақта ақы төлеуден босатылған мүгедектер көлігіне айыппұл салынған

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы әкімшілік актілерді зерделеу аясында елордадағы автотұрақ аймақтарында мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарын тегін орналастыру құқығын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Атап айтқанда, Астана қаласының аумағында ақылы автотұрақтарды пайдалану қағидаларына сәйкес, тұрақ ақысын төлеуден босатылған арнайы топ айқындалған: бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, «Алтын қыран» және «Халық қаһарманы» орденімен марапатталған адамдар, көпбалалы аналар және т.б.

«Мүмкіндігі шектеулі 63 адамға қатысты 524 мың теңгеге нұсқамалар шығарылғаны анықталды.

Талдау нәтижелері бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қазіргі таңда I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға қатысты нұсқамалар жойылды», - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗