Елорда полициясы есірткіні қолданудың салдары туралы әлеуметтік ролик ұсынды
Астана полициясы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған әлеуметтік бейнероликтер сериясын іске қосты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жүйелі жұмыс шеңберінде елорда полициясы заңсыз есірткі айналымына қарсы күреске арналған әлеуметтік бейнероликтер сериясын шығаруды жалғастыруда.
Кезекті бейнероликке қазақстандық актерлер Абзал Ғарифуллин мен Ерлан Пірімбетов, сондай-ақ елордалық Полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері – танымал спортшылар Мерей Ақшалов пен Данияр Елеусінов қатысты.
Аталған бейнероликтер қоғамның назарын есірткі тұтыну мәселесіне аударуға, профилактикалық шаралардың маңыздылығын көрсетуге және есірткінің заңсыз айналымы фактілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге шақыруға бағытталған.
Астана қаласы Полиция департаменті тыйым салынған заттарды сақтау және тарату фактілері туралы кез келген белгілі ақпаратты полицияның Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына хабарлаудың маңыздылығын еске салады: 716393, 716039, +7 777 771 6393, +7 700 115 01 02.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу аясында қала Полиция департаменті есірткі заттарын тұтынудың салдарына арналған жаңа әлеуметтік бейнероликті таныстырды.
Бейнероликтің мақсаты – есірткінің қауіптілігін көрнекі түрде көрсетіп, елорда тұрғындарын оны қолдану жолына түспеуге шақыру. Онда заңсыз тұтыну үшін жауапкершілік, сондай-ақ есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны айқын көрсетілген.
Есірткі заттарын заңсыз сақтау, тарату немесе тұтыну деректері туралы 87777716393 сенім телефоны арқылы немесе 102 нөміріне хабарлауға болады. Ақпарат берушілердің анонимдігіне кепілдік беріледі.
Әлеуметтік бейнеролик халықтың хабардарлығын арттыруға және қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған алдын алу шараларының маңыздылығын көрсетуге арналған.
Полиция ескертеді: есірткіні тұтыну тек қана ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеліп қоймай, денсаулықты бұзады, тағдырды талқандайды және адам өміріне қауіп төндіреді.
Бұған дейін Қызылордада есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастырған күдіктілер қамауға алынғанын жазған болатынбыз.