Елорда кітапханаларына шолу: қайда баруға болады

Елорда кітапханаларына шолу: қайда баруға болады
Фото: М.Әуезов атындағы Орталық кітапхана/Астана қаласы әкімдігі

Бүгінде Астана қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде» 25 кітапхана бар. Олар қай жылы ашылды, бағыты қандай, кітап қоры қанша және мекенжайы қайда? Elordainfo.kz тілшісі оқырмандар үшін арнайы тізім жасады.

М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана

Бұл кітапхана 1974 жылы пайдалануға берілген. Эстетикалық тәрбие беру орталығында 153 512 кітап қоры бар. Мекенжайы: Абылайхан даңғылы - 4/1, жұмыс телефоны: 65-14-99

№1 Көпшілік кітапхана

Кітапхана 1975 жылы ашылған. «Мектеп – кітапхана - оқырман» бағыты бойынша мектеп бағдарламасына көмек көрсететін нысан. 31 931 кітап қоры бар. Мекенжайы: Өндіріс 14 А, ұялы телефон: 8771-909-45-67

№2 Көпшілік кітапхана

Қала кітапханаларының ішіндегі ең көнесі. 1962 жылы іргесі қаланған. Эстетикалық тәрбие беру орталығында 20 451 кітап қоры бар. Мекенжайы: ЖК «ЭКО дом», Әзілхан Нұршайықов көшесі, үй 10, (секция-4), ұялы телефон: 8778-835-42-12                                 

№3 Көпшілік кітапхана

Рухани орталық 2005 жылы пайдалануға берілген. 14 661 кітап қоры бар. Мекенжайы: Көктал, Алмалық көшесі-1, жұмыс телефоны: 30-13-05

№4 Көпшілік кітапхана

Бұл кітапхана «Кітапхана – мектеп – қоғам: ақпараттық қоғамдағы серіктестік» саналады. 38 134 кітап қоры бар. Мекенжайы: Железнодорожный Т\А, Жамбыл Жабаев көшесі, 12\2 үй, ұялы телефон: 8775-188-82-83                   

№5 Көпшілік кітапхана

Салауатты өмір салтына бағытталған кітапхана 1966 жылы іргесі қаланған. 46 862 кітап қоры бар. Мекенжайы: А.Петров көшесі-14/2, жұмыс телефоны: 34-77-87

№6 Көпшілік кітапхана

Соңғы жылдары ашылған кітапханалардың бірі. 2024 жылы пайдалануға берілген. Арт-кітапхана үлгісіндегі орталықта 4 240 кітап бар. Мекенжайы: Жұмекен Нәжімеденов, 27 үй, 7 тұрғылықты емес бөлме, телефоны: 47-55-75

№7 Көпшілік кітапхана

«Кітапхана және мектеп: ақпараттық қоғамдағы серіктестік» бағытында жұмыс істейді. 2003 жылы ашылған. Кітапханада 17 830 кітап бар. Мекенжайы: Интернационал кенті,  Мереке көшесі - 1А, жұмыс телефоны: 43-68-37

№8 Көпшілік кітапхана

2024 жылы қала кітапханаларының қатарын толықтырған нысан. Туған жер, өлкетану тақырыбына бағытталған. Бүгінде 4 774 кітаппен қамтылған. Мекенжайы: Шәймерден Қосшығұлұлы, 8\2 үй, 4, 5 тұрғылықты емес бөлме, телефоны: 20-73-02

№9 Көпшілік кітапхана

«Мектеп – кітапхана - оқырман» бағытындағы ақпараттық серіктестік саналады. 1978 жылы іргесі қаланған. 33 998 кітап қоры бар. Мекенжайы: Тайбурыл-7А, жұмыс телеофоны: 53-04-57

№10 Көпшілік кітапхана

2004 жылы ашылған кітапхана қоғаммен байланыс бағытындағы шығармашылық жобалар орталығы саналады. Мұнда 5 442 кітап бар. Мекенжайы:  Мичурин кенті, бұрынғы Көкіл 17\1, ұялы телефон: 87756316065                                                  

№11 Көпшілік кітапхана

2025 жылы ашылған жаңа мәдени орталықта 3 371 кітап бар. Мекенжайы: «Бағыстан» тұрғын үй кешені, Е 117 көшесі, 35 үй, 6 тұрғын емес бөлме, ұялы телефон: 8701-398-28-87

№12 Көпшілік кітапхана

Бұл кітапханаға 1974 жылы алғашқы оқырмандары келе бастады. Отбасымен оқуға арналған орталық. 30 737 кітап қоры бар. Мекенжайы: Луи Пастер,73, жұмыс телефоны: 21- 77-71   

№13 Көпшілік кітапхана

2025 жылы құрылған креатив орталығында 2 659 кітап бар. Мекенжайы: А.Иманов көшесі, 31 үй, жұмыс телефоны: 25-23-41                                  

№15 Көпшілік кітапхана

Кітапхана 1971 жылы ашылған. «Кітапхана – отбасы – қоғам: ақпараттық қоғамдағы серіктестік» бағытында жұмыс істейді. 21 686 кітап қоры бар. Мекенжайы: Шалкөде-2, жұмыс телефоны: 29-66-17 

Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы

1987 жылы ашылған. «Әлемді танып біле отырып, өз бойыңдағы азаматты қалыптастыр» ұранымен ұрпақ тәрбиесін қалыптастыруда қызмет етеді. Қала бойынша ең кітап қоры көп кітапхана. Бүгінде рухани орталықта 165 027 кітап бар. Мекенжайы: Бөгенбай батыр даңғылы-52, жұмыс телефоны: 53-60-07 

№1 Балалар кітапханасы

Әдебиет және тіл бағытындағы кітапхана 2024 жылы ашылған. 3 606 кітаппен қамтылған. Мекенжайы: Әлихан Бөкейхан көшесі, 25 В үй, 7 бөлме, жұмыс телефоны: 44-83-71

№2 Балалар кітапханасы

«Кітапхана және мектеп: ақпараттық қоғамдағы әріптестік» бағытындағы кітапхана. 1976 жылы ашылған. 23 008 кітап қоры бар. Мекенжайы: Кравцов көшесі-1/1, жұмыс телефоны: 65-04-76 

№3 Балалар кітапханасы

Оқырмандарға экологиялық тәрбие беру орталығы 1964 жылы ашылған. 35 619 кітап қоры бар. Мекенжайы: Жеңіс даңғылы-61, жұмыс телефоны: 38-20-58

№4 Балалар кітапханасы

Кітапхана 1978 жылы оқырмандарға есігін айқара ашты. Шығармашылықты дамыту үшін кітап оқуға баулитын орталық. 22 324 кітап қоры бар. Мекенжайы: Қ.Сәтпаев көшесі-5, телефоны: 35-32-64

№5 Балалар кітапханасы

Кітапхана - қаладағы көне нысандардың бірі. 1964 жылы ашылып, бүгінде «Кітапхана және мектеп: ақпараттық қоғамдағы әріптестік» тұжырымдамасы бойынша қызмет етеді. 37 746 кітап қоры бар. Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы даңғылы-25/3, жұмыс телефоны: 99-51-56 

№6 Балалар кітапханасы

2024 жылы ашылған кітапхана отбасымен оқу орталығына бейімделген. 2 435 кітаппен қамтылған. Мекенжайы: Сығанақ көшесі, 14 үй, 37 тұрғылықты емес бөлме, жұмыс телефоны: 44-86-13

№7 Балалар кітапханасы

Қаладағы жаңа кітапханалардың бірі 2025 жылы ашылды. «Кітапхана – шығармашылық - мектеп» бағытындағы кітап оқуға баулу орталығы саналады. Қазір мұнда 1 705 кітап бар. Мекенжайы: «Saratan» тұрғын үй кешені,  А 91 көшесі, 17 үй, 11 тұрғын емес бөлме, ұялы телефон: 8747-295-58-42                                     

№8 Балалар кітапханасы

Кітапхана 1984 жылы алғашқы оқырмандарымен қауышқан. «Кітап арқылы гармониялық дамыған қоғамға белсенді тұлғаны қалыптастыру» мақсатын алға қойған. 19 048 кітап қоры бар. Мекенжайы: Конституция көшесі -2/2, жұмыс телефоны: 38-28-07

Көзі көрмейтін, көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана

Кітапхана 1970 жылы ашылған. «Кітап және қайырымдылық» бағытын ұстанады. 20 490 кітап қоры бар. Мекенжайы: Таха Хусейн көшесі-2/1, жұмыс телефоны: 51-67-50 

Еске салайық, бұған дейін Астана қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» басшысы Гүлбадан Мәдібаевамен сұхбатты жарияладық.