«Elorda Aqparat» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің кезекті ішкі аудитінің нәтижелерін талқылайды
Астана қаласы әкімінің аппараты 2026 жылғы 31 наурызда бекіткен Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сай және 2026 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» Үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылдың 4 мамырынан 17 маусымына дейін «Elorda Аqparat» ЖШС қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі аудиті өтіп жатыр.
Ішкі аудит «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабының 5-тармағына және Үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Ішкі аудит нәтижелерін талқылау 15 маусымда өтеді. Естеріңізге сала кетейік, ішкі талдау аудит бойынша қорытынды анықтама дайындауды; оның нәтижелерін талқылауды және жариялауды көздейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жағдайда тиісті қызметтерге ұсынымдар және оларды жою жөніндегі жоспар дайындалады.
Алдыңғы аудит 2025 жылдың жазында жүргізілді.