«Elorda Aqparat» ЖШС-нің үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру шарттары туралы хабарламасы
«Elorda Aqparat» ЖШС, «Astana Aqshamy», «Вечерняя Астана» газеттерінің және Elorda.info желілік басылымының меншік иесі ретінде, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына («Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауды тағайындау туралы») сәйкес үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарын ұсыну шарттары туралы хабарлайды.
МЕКЕМЕГЕ ЖОЛДАНАТЫН ЖАЗБАША ӨТІНІШТЕ МЫНАДАЙ МӘЛІМЕТТЕР КӨРСЕТІЛУІ ТИІС:
- Жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, күні және уақыты;
- Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ өтініш беруші сенім білдірілген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
- Өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттар: кандидаттың (немесе сенім білдірілген тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат, уәкілетті мемлекеттік орган берген кандидаттың (немесе сенім білдірілген тұлғаның) куәлігі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құжат;
- Жоспарланған баспа алаңының көлемі мен жариялану мерзімі, үгіттік баспа материалының түрі көрсетілген өтініштің мазмұны;
- Кандидаттың немесе сенім білдірілген тұлғаның қолы.
Жазбаша өтініштерді «Elorda Aqparat» ЖШС 2026 жылғы 23 шілдеден 21 тамызға дейін (қоса алғанда) жұмыс күндері сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Достық көшесі, 13, 222-кабинет.
Жарияланатын материалдарда олардың төленгені туралы ақпарат, материалдың шығарылуына жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері және ақпаратты ұсынған тұлғаның тегі көрсетілуі тиіс.
Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін «Elorda Aqparat» ЖШС жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай белгілейді.
Үгіттік материалдар «Elorda Aqparat» ЖШС-не газет жарық көретін күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын модуль немесе мақала түрінде ұсынылуы және шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталуы тиіс.
Егер үгіт-насихат баспа материалдарында конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге үндеу, республиканың тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттерді насихаттау, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе рулық араздықты тудыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құруға үндеу немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер болған жағдайда, газеттің үгіт-насихат баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқығы бар.
Газет сондай-ақ кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат қамтылған жағдайда, материалды жариялаудан бас тартуға құқылы.
Осы хабарламада көрсетілген баспа алаңдарын ұсыну шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Төлем «Elorda Aqparat» ЖШС ұсынған шот негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде жүргізіледі.
Төлем «Elorda Aqparat» ЖШС-нің тиісті шартта көрсетілген банктік деректемелері бойынша жүзеге асырылады.
БАСПА АЛАҢДАРЫН ҰСЫНУ ҮШІН ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ
|
Қызмет түрі |
Құны, ҚҚС-мен бірге |
|
«Вечерняя Астана» және Astana Aqshamy газеттерінде жарияланымның 1 шаршы сантиметрін орналастыру құны (ҚҚС-пен бірге) |
1 265 теңге |
|
Жарияланымды vechastana.kz және astana-akshamy.kz сайттарында қайталап орналастыру құны (ҚҚС-пен бірге) |
30 000 теңге |
|
Жарияланымды Elorda.info желілік басылымында қайталап орналастыру құны (ҚҚС-пен бірге) |
30 000 теңге |
|
Тапсырыс беруші ұсынған мақаланы (2500 таңбаға дейін, бос орындарымен бірге) Elorda.info желілік басылымында орналастыру құны (ҚҚС-пен бірге) |
40 000 теңге |
|
Мақаланы жазу және оны (2500 таңбаға дейін, бос орындарымен бірге) Elorda.info желілік басылымында жариялау құны (ҚҚС-пен бірге) |
80 000 теңге |