Денсаулық сақтау министрлігі ел бойынша дәріхана желісіндегі бағаның төмендеу динамикасын бақылайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Объективті бағалау үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері ең сұранысқа ие 70 препараттың құнын талдады.
Тізімге қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер, антибиотиктер, жүрек-қан тамырлары препараттары, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының ауруларын емдеуге арналған заттар кірді.
Реттеудің жаңа тәртібі енгізілгенге дейінгі және соңғы екі айдағы бағаларды салыстыру кезінде препараттар құнының төмендеуі орта есеппен 12%-ды құрады.
Бұл бағаны реттеу шаралары қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беретінін білдіреді:
- дәрі-дәрмектер қолжетімді болады;
- баға үстемелері теңестіріледі;
- дәріхана желілері белгіленген қағидаларды ұстанады.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды таңбалаудың толық циклін бастаған болатын.