Биыл қаңтар-сәуір айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5% өсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 1739,5 млрд теңгеге жетіп, 14,5% өскен. Өсім негізінен ғимараттар салу (41,2%) және құрылыс-жөндеу жұмыстарының көлемінің артуымен байланысты.
Құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең үлкен үлесті автомобиль және теміржолдар, сондай-ақ метро құрылысы (жалпы көлемнің 26,4%), тұрғын емес ғимараттарды салу (21,2%) және тұрғын үйлерді салу (11,3%) құрайды.
Пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 6 334,1 мың шаршы метрді құрады.
Еске салсақ, Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің заңсыз құрылысы анықталды.