Елімізде инфляция қарқыны баяулай бастады
Наурызда айлық инфляция деңгейі 0,6% болды, ақпанмен салыстырғанда бағаның өсу қарқыны 0,5% тармаққа баяулады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Азық-түлік арасында бір ай ішінде қияр бағасы – 22,6%-ға, пияз– 10,9%-ға, қызанақ– 2,6%-ға, қырыққабат – 1,9%-ға, қарақұмық жармасына – 1,2%-ға, шоколадқа бөккен кәмпиттер – 0,9%-ға төмендеді. Бұл орайда тәтті бұрыш бағасы – 10,7%, банан – 5,4%, қызылша мен сәбіз – 4,2%-дан, майлылығы 2-3% айран – 2,3%, бал – 1,8%, қантты печенье бағасы 1,3%-ға өскен.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында шаңсорғыш бағасы 8,2%, үтік – 7,7%, смартфон – 2,7%, автомобиль – 2,3%, әйелдер сөмкесі – 2,1%-ға төмендеген.
Бағаның өсуі алтын сақина, ас үй пеші – 5,5%, теледидар – 4,1%, сымсыз құлаққап – 2,2, корвалол – 1,7%, қолға жағатын крем – 1,4%, цемент бағасы – 1,3% байқалды. Қызметтер арасында бассейнге бару бағасы 3,3%, электрик қызметі – 2,1%, тісті емдеу – 1,6%, қалааралық автобуста жүру – 1,1%, автомектепте оқу курсы 0,8%-ға өскен.
Жылдық инфляция мәні 2026 жылдың наурызында 11% болды және ақпанмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа баяулады. Азық-түлік тауарларының бағасы 11,7%, азық-түлік емес тауарлар – 11,3%, ақылы қызметтер – 10% өскен.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері, бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерісті 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
Еске сала кетсек, елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үш есе арзандады.