Елімізде еңбекақыны көтеру саясаты жалғасады - Үкімет

Бүгін, 12:24
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде еңбекақыны көтеру саясаты жалғасады - Үкімет
фото: Оңалхан Өнерхан

Жаңа Кешенді жоспардың негізгі бағыттарының бірі жұмыскерлердің еңбекақысын одан әрі арттыру болмақ. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бүгінде еңбекақы төлеу қорының қосылған құндағы үлесі шамамен 30,6%-ды құрайды, ал орташа және медианды жалақы арасындағы алшақтық – 39,2%.
Бұл мәселелерді шешу үшін ең төменгі жалақыны арттыру, жалдамалы жұмыскерлер табысының, азаматтық қызметшілердің жалақысының өсуіру, табиғи монополиялар субъектілерінің өндірістік персоналының орташа жалақысын ұлғайту және мемлекеттік қызметшілердің жалақысын үш жыл сайын индекстеу көзделген. Сондай-ақ әлеуметтік әріптестіктің жүйелі шаралары қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданғаны туралы жаздық.