Елімізде еңбек құқықтарын қорғау қалай күшейтіліп жатыр
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті әлеуметтік-еңбек саласының ең маңызды аспектілерін қамтитын негізгі бағыттар бойынша мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Біріншісі – ұжымдық шарттарды жасасу және цифрландыру. Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың өте маңызды элементі – ұжымдық шарттың болуы. Елімізде 18 700 ұжымдық шарт жасалып, цифрландырылды. Олар біздің деректер қорымызда бар», – деді Комитет төрағасы Мейрамбек Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Екінші мәселелер жиынтығы – профилактикалық бақылау. Спикердің айтуынша, бірінші тоқсанда инспекторлар 92 осындай бақылау жүргізген. Үшінші бағыт – қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру.
«Бұл - біздің жұмысымыздың өте маңызды бағыты, өйткені ең алдымен, барлық жұмыс берушінің өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандыруы туралы заң талабы бар, екіншіден - бұл біздің азаматтарымызды қорғау. Бүгінгі таңда 117 мың белсенді жұмыс істеп тұрған заңды тұлға, кәсіпорын мен ұйым осындай шарттар жасасты. Бұл көрсеткіш барлық белсенді заңды тұлғалар санының 68%-ын құрайды. Бірақ біз бұл жұмысты жалғастырамыз және жыл соңына дейін барлық жұмыс берушіні толық қамтимыз», – деді спикер.
Тағы бір бағыт – еңбек шарттарын жасасу. Қазірдің өзінде 6 млн 607 мың еңбек шарты жасалып, hr.enbek базасына енгізілді. Сондай-ақ кәсіби тәуекелдерді бағалау және ақпараттық сүйемелдеу сияқты бағыттарға да үлкен көңіл бөлінуде.