Референдум-2026

Елімізде экологиялық авиациялық отын өндірісін дамытуға қадам жасалды

Бүгін, 17:46
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде экологиялық авиациялық отын өндірісін дамытуға қадам жасалды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Full Vision Capital (FVC), Towngas және EcoCeres сияқты азиялық жетекші компаниялар делегациясымен кездесу барысында талқылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап. 

Министр ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамыту мемлекеттік аграрлық саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бұл жобаларды іске асыру пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тартуға, техникалық майлы дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтуге, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастыруға және ауылдық аумақтардың дамуына тың серпін беруге жол ашады», – деді Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ азық-түлікке арналған майларды пайдаланбай, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі қалдықтарын шикізат ретінде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Атап айтқанда, биокөмір (Bio-Char) өндіру және «жасыл» метанол өндірісі саласындағы бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды.