Елімізде 36 вокзалға жаңғырту жұмыстары жүргізілді

Бүгін, 19:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде 36 вокзалға жаңғырту жұмыстары жүргізілді
Фото: Көлік министрлігі

Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылы 124 вокзал қайта жөнделіп, заман талабына сай жаңғыртылуы басталды.

Бүгінге дейін 36 вокзалдың құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталды. Нақты айтқанда, 2025 жылы Жақсы, Курорт-Бурабай, Макинка, Шортанды, Ұзын-Ағаш, Шамалған, Сағыз, Мақат, Талдықорған, Ақши, Теміртау, Айса, Құсмұрын, Аманқарағай, Талап, Қазалы, Бозшакөл, Тайынша және Жаңаесіл вокзалдары жаңартылды.

2026 жылдың бірінші тоқсанында келесі вокзалдар жөнделді: Семиглавый Мар, Мырза, Сарышаған, Көктұма, Ағадыр, Қарағанды-Сұрыптау, Жаңақорған, Шиелі, Жетісу, Қарасор, Тобыл, Қалқаман, Доссор, Қызылжар, Саумалкөл, Жалтыр және Аққыстау.  

Қалған вокзалдарды биыл жылдың соңына дейін жөндеу жоспарланып отыр.

«Жаңарту жұмыстары аяқталған соң, жолаушылар заманауи күту залдары, жаңартылған ақпараттық жүйелер, инженерлік шешімдер және барлық адамдар үшін қолайлы жағдайларды пайдалана алады». – делінеді министрліктің хабарламасында.

Еске салсақ, Премьер-министр Олжас Бектенов Көкшетау теміржол вокзалын жаңғырту барысын тексерген еді.