Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

Бүгін, 17:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жартылай финалда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға қарсы ойнады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қарсыластар осыған дейін өзара алты мәрте кездесіп, әрқайсысы үш-үштен жеңіске жеткен еді. Бұл жолы брейкпен бастаған Рыбакина 3:0 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.

Екінші сетте есеп 1:1 болғаннан кейін теннисшілер брейкпен алмасты. Дегенмен Елена брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізді. Бірақ Пегула да қалыспай, Рыбакинаның үш матчболды пайдалануына мүмкіндік берді – 5:5. Рыбакина тай-брейкте дегеніне жетті – 7:6 (9:7). 

Бір сағат 40 минутқа созылған матчта Рыбакина 6 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 12-орындағы украиналық Элина Свитолинаны айқын басымдылықпен жеңді – 6:2, 6:3. 

2023 жылы Рыбакина финалда Соболенкодан 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалған еді.

Бұған дейін Анна Данилина Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалында жеңіске жеткен болатын.