Елде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 8,5 мың шақырымы жөнделді
2024 жылдан бастап Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шамамен 8,5 мың шақырымы орташа жөндеумен қамтылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеумен қамту көлемін кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. 2028 жылдың соңына дейін республикалық жол желісінің 10 мың шақырымын орташа жөндеумен қамту міндеті қойылған.
«Бүгінгі таңда іске асырылған және жүзеге асырылып жатқан жобаларды ескере отырып, орташа жөндеумен қамтылған жолдардың жалпы ұзындығы 8 470 шақырымды құрайды. Бұл белгіленген мақсатты көрсеткіштің шамамен 85%-ына тең. Қалған көлемді 2027–2028 жылдары орташа жөндеумен қамту жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеудің қосымша көлемі ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін алынатын төлемдерден түсетін қаражат есебінен жүзеге асырылуда.
Еске салайық, бұған дейін Семейде жол жөндеу жоспары қайта қаралғаны туралы жаздық.