Елде қоқыс көлемі 7,7%-ға артты – статистика
Өткен жылы елімізде жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% өсіп, 4,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ал сұрыпталған қалдықтар көлемі 1,5 млн тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға артқан.
«Сұрыпталған қалдықтар құрылымында макулатура мен картонның үлесі 9,4%, пластиктің үлесі 9% болды», делінеді хабарламада.
Өңірлер арасында сұрыпталған қалдықтар көлемі бойынша Алматы қаласы көш бастады - 409,3 мың тонна. Одан кейін Астана қаласы - 377 мың тонна, Қарағанды облысы - 243,9 мың тонна бар.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдаумен 846 кәсіпорын айналысады, оларды сұрыптау, кәдеге жарату және көму жұмыстарын 278 ұйым жүзеге асырады.
Еске салсақ, елордада 54 заңсыз қоқыс орны анықталды.