12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ел тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы артты

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ел тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы артты

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

2024 жылы Қазақстан Республикасы халқының  өмір сүру ұзақтығы 75,44 жасты құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 75,09 жыл деңгейінде болған, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 76,14 және 74,26 жас.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, 2024 жылы әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 79,42 жас (2023 ж. – 79,06), ерлер арасында 71,33 жасты (2023 ж. – 70,99 жас) құраған.

Туған кезде күтілетін ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда тіркелген – 78,78 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 72,48 жас.

Туғандағы күтілетін өмір сүрү ұзақтығы – бұл белгілі бір жылы туылған адамның орташа өмір сүру ұзақтығын көрсететін статистикалық көрсеткіш, бұл ретте ұрпақтың бүкіл өміріндегі өлім-жітім деңгейі осы көрсеткіш есептелген жыл деңгейінде өзгеріссіз қалу шарты бар.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗