Референдум-2026

Ел құрамасы U19 Азия чемпионатын бес алтын медальмен аяқтады

Бүгін, 18:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ел құрамасы U19 Азия чемпионатын бес алтын медальмен аяқтады
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Бүгінгі күндізгі сессияда U19 жас санатында жүлделер сарапқа салынды. Нәтижесінде қазақстандықтар екі алтын, төрт күміс медаль жеңіп алды.

Бибарыс Әшірбай 70 келіге дейінгі салмақтың финалында жапониялық Кунимитцу Хонжоны жеңді.

Сондай-ақ Владислав Саможонов 90 келіден жоғары салмақта өзбекстандық Ислам Салиховты тізе бүктірді.

Ал 50 келіге дейінгі салмақта Әділ Асқанбай финалда өзбекстандық Уткизбек Нозкосимовтан жеңілді.

65 келіге дейінгі салмақта Ақжүрек Қалабай Оңтүстік Корея өкілі Кан Дэхоға жол берді.

80 келіге дейінгі салмақта Тимур Тайбеков ақтық сында өзбекстандық Аброрбек Шариповқа есе жіберді.

85 келіге дейінгі салмақта Руслан Ахметов финалда Сардорбек Бахромхужаевтан (Өзюекстан) жеңілді.

Осылайша, Қазақстан U19 жас санатында бес алтын, төрт күміс, және үш қола медальмен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, кешкі сессияда U23 жас санатында ерлер арасында ақтық бәсекелер өтеді.

Еске салсақ, U23 жас санатында бұрымды боксшыларымыз үш алтын және үш күміс жүлдеге қол жеткізді.