Ел ертеңін қалыптастыратын маңызды құндылықтар айқындалды - Алмат Құдайбергенов

Бүгін, 13:11
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ел ертеңін қалыптастыратын маңызды құндылықтар айқындалды - Алмат Құдайбергенов
Фото: Instagram/105keleshek_mektep

Тамыз конференциясы білім саласына жаңа серпін, жаңа оқу жылына жаңа мүмкіндіктерді ашып берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Республикалық тамыз конференциясындағы пікірін қолдаған  Астана қаласы 105 жалпы орта мектебінің директоры Алмат Құдайбергенов осылай мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Ұстаздардың жаңа оқу жылындағы ғана емес, болашақтағы бағдарын айқындап беретін дәстүрлі жиынға Президенттің қатысуы – білім саласына және ұстаз еңбегіне көрсетіліп отырған жоғары қолдаудың айқын көрінісі.

Мемлекет басшысы айтқан заманауи білім, жаңашыл көзқарас, прогрессивті тәрбие – елдің ертеңін қалыптастыратын маңызды құндылықтар.

Еліміздегі барлық білім беру орындары осы құндылықтарды негізге ала отырып, білімді, ойы озық, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолында бірге еңбек етеді деп сенемін.

Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа жетістіктерге бастасын!», - деп жазды ол.

Еске салайық, бұдан бұрын Астана қаласындағы №103 Жайлы мектептің директоры Жанар Айтованың пікірін жарияладық.