Ел бюджеті жоспардан асып түсті: кірістер 17%-ға жуық өсті
2026 жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсетін кірістер жоспардан жоғары орындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы көлемі 6,4 трлн теңгені құрап, бұл жоспарланған 6,2 трлн теңгеден 268,7 млрд теңгеге артық.
Жалпы орындау деңгейі 104,4%-ды құрады.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджет кірістері 930,6 млрд теңгеге артып, өсім 16,9%-ға жетті.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің де кірістері жоспардан артық орындалды.
«Өсім Қазақстанның экспорттық тауарлары бағасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемінің артуы, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелері есебінен қамтамасыз етілді», делінеді хабарламада.
Еске салсақ, Астанада «Халық қатысатын бюджет-2026» бағдарламасы бойынша ауданды абаттандыру үшін үздік жобаларға дауыс беру кезеңі басталды.