Экономика министрлігінің ұйымдары 6 ай бос тұрған штатты қысқартады
Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы кадр ресурстарын басқаруды оңтайландыруға арналған бұйрықты бекітті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжат алты айдан артық бос тұрған штат бірлігін қысқартуды және сонымен қатар еңбекақы төлеу қорын түзету көздейді.
«Бұл нормалар бірінші басшы, маусымдық қызметкер, ядролық физика, жоғары технологиялық жабдықтар бойынша немесе сирек кездесетін инженерлік маман сияқты, онсыз ұйымның жұмыс істеуі мүмкін емес бірегей өндірістік және жоғары мамандандырылған қызметкердің лауазымына, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын сақтау жағдайында қолданылмайды», делінген хабарламада.
Өзгерістер кезінде ұйымдардың даму жоспарына түзету енгізу тәртібі белгіленді. Нақтыланған жоспарды қарау мен бекіту 25 маусым мен 25 желтоқсаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Еске салсақ, қаржы секторына салық салу мәселесі Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің отырысында қаралды.