Дзюдошы Дана Әбдірова жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
6 қазан, 2025
фото: olympic.kz
Перу астанасы Лимада дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дана Әбдірова финалға дейін жетті. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Бразилия өкілі Джиованна Андрадеден басым түсті.
Алайда шешуші белдесуде Дана жапониялық Мио Шираканеге есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ұқсас жаңалықтар
22 наурыз, 2026
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Астана тұрғындарына тілегін арнады
22 наурыз, 2026
Боксшы Нұрбек Оралбай Наурыз мейрамына өз тілегін арнады
21 наурыз, 2026
Ауыр атлет Едіге Емберді Наурыз мейрамына қатысты жылы лебізін білдірді
21 наурыз, 2026
Шорт-трекші Абзал Әжғалиев елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады