Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: ҰОК

Қазақстандық Абылайхан Жұбаназар Лозанна (Швейцария) қаласында дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ балуаны 81 келіге дейінгі салмақтың финалына дейін жетті.

Ол ақтық сында өзбекстандық Арслонбек Тожиевтен басым түсті.

Осылайша, Абылайхан Жұбаназар жарысты бірінші орынмен аяқтады.