Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс медальға ие болды
Қазақстан дзюдодан Ордос қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Жарыс бағдарламасының соңғы күні аралас командалар арасында сайыс өтті. Финалда Қазақстан құрамасы Моңғолиямен кездесті.
Қарсылас команда 4:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде Дана Әбдірова (57 келіге дейін), Әнуар Жұмагелдин (73 келіге дейін), Аида Тойшыбекова (70 келіден жоғары) және Ғалымжан Қырықбай (90 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін алты жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аруна Жангелдина (78 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.