Дзюдодан Аустриядағы жарысқа қатысатын спортшылар анықталды

Бүгін, 17:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дзюдодан Аустриядағы жарысқа қатысатын спортшылар анықталды
Фото: olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 6-8 наурыз аралығында Аустрияның Линц қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Төменде ұлттық құраманың алдын ала тізімі берілген.

Ерлер

60 келі: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов;

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев;

73 келі: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов;

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат;

90 келі: Айдар Арапов, Нұржан Бейсенов;

100 келі: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан;

100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев.

Әйелдер

48 келі: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева;

52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова;

57 келі: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет;

63 келі: Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова;

70 келі: Кристина Сотникова, Ажар Асхат;

78 келі: Шынар Абатова, Назерке Тілеуханова;

78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова.

Айта кетейік, тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Бұған дейін қазақстандық үш фристайлшы қысқы Олимпиада ойындарының финалына өтті.