Дүйсенбіден бастап мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер жұмыс іске кіріседі
4 мамырдан бастап мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа жүйені министрлік Ұлттық банкпен бірлесіп жүзеге асырды.
Бұрын жүргізілген мониторинг кезеңіне сүйене отырып, ЦентрКредит Банкі, Еуразиялық Банк, Kaspi Bank, ForteBank және Қазақстан Халық Банкі бастапқы дилерлер болып белгіленді.
«Жаңа жүйе бойынша бастапқы дилерлер мемлекеттік бағалы қағаздарға тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді және қайталама нарықта жеке құралдар үшін екі жақты баға белгілеуді қолдайды, бұл ашық және өтімді баға белгілеуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте, нарықтың басқа қатысушылары қайталама нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелерге толық және кедергісіз қол жеткізуді сақтайды», делінген хабарламада.
Ведомствоның түсіндіруніше, бастапқы дилерлік жүйе спредтерді тарылту және тұрақты баға белгілеуді ұсыну, мемлекеттік облигациялармен мәмілелерді жеңілдету және баға белгілеудің болжамдылығын арттыру арқылы инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасайды.
Жүйені дамыту қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздардың халықаралық тартымдылығын да арттырады, оларды жаһандық индекстерге енгізуге жол ашады және үкіметтің қарыз алу шығынын азайтуға көмектеседі.