03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы шұғыл мәлімдеме жасады

|
Photo: facebook.com/janibekalimkhanuly
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы шұғыл мәлімдеме жасады

|
Photo: facebook.com/janibekalimkhanuly

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

WBO және IBF әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг-тесттен оң нәтиже шығарып, яғни допинг қолданды деген күдікке ілінді.

BoxingScene басылымының хабарлауынша, ерікті допингке қарсы қауымдастық (VADA) боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний дәрілік затын тапқан.

«Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Менің таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып, «бәрі таза» деп еді. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз», – деп жазды боксшы Facebook парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лараның кездесуі осы жексенбіге жоспарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗