Деректер орталығын салу жөнінде Reformatics Ltd. компаниясымен келісім жасалды

Деректер орталығын салу жөнінде Reformatics Ltd. компаниясымен келісім жасалды
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

«ДӨО-лар алқабы» жобасын іске асыру аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті төрағасы Ғиззат Байтұрсынов Reformatics Ltd. компаниясының өкілдерімен, оның ішінде Орталық Азия бойынша директоры Каха Сехниашвилимен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер қорытындысы бойынша деректерді өңдеу орталықтарын салу жобасын іске асыру, инвестициялық модельді пысықтау және халықаралық технологиялық серіктестерді тарту бағытындағы ынтымақтастық ниеттерін бекітуге бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
— әлеуетті деректер орталығы жобасының параметрлері;
— инвестициялық модель және іске асыру кезеңдері;
— инфрақұрылымдық талаптар және ықтимал орналастыру алаңдары;
— технологиялық серіктестер мен гиперскейлерлерді тарту.

Еске сала кетсек, Олжас Бектенов көмір кен орындарында цифрлық технология арқылы еңбек жағдайын қауіпсіз етуді тапсырды.