Дархан Жазықбай: Халықтық Конституция – жаңа басқарушылық мәдениет
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың «Халықтық Конституция – жаңа басқарушылық мәдениет» атты мақаласы Egemen Qazaqstan газетінде жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Мақалада автор Конституцияның ел дамуындағы тарихи рөліне тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформалардың маңызын атап өткен.
«Ата заңымыз – еліміздің тарихындағы жаңа белестің, түбегейлі жаңғырудың бастауы. Ол – жаңарған, Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың басты кепілі», – дейді Дархан Жазықбай.
Сондай-ақ ол Президенттің тікелей бастамасымен іске асқан Конституциялық реформаның қоғамдағы жаңа қоғамдық келісімді нығайтып, елдің алдағы даму бағытын айқындағанын атап өтті.
«Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүзеге асқан Конституциялық реформа жаңарған қоғамдық келісімді орнықтырып, алдағы бағыт-бағдарымызды нақты айқындап берді», – делінген мақалада.