CVK қаржы пирамидасы 1,5 мың салымшының ақшасын жинаған
Қаржылық мониторинг агенттігі CVK қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Elordainfo.kz. ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
«Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты табыс әкелетін түрлі инвестициялық «дүкен» пакеттерін сатып алу ұсынылған. Сауда қызметін имитациялау мақсатында жеке кабинетте шын мәнінде болмаған тауарларға қатысты орындалған тапсырыстар мен жеткізілім көрсетіліп, сол үшін виртуалды сыйақылар есептелген», делінген хабарламада.
Негізгі назар реферальдық жүйеге аударылған. Қатысушыларға жаңа салымшыны тартқаны үшін қатысушыларға ақшалай бонус пен бағалы сыйлық берілетіні мәлімделген.
Агрессивті өңірлік маркетинг пен ауқымды жарнамалық науқанның нәтижесінде ұйымдастырушылар заңсыз схемаға шамамен 1,5 мың салымшыны тартқан. Жобаны ілгерлету үшін жабық үгіт-насихат кештері, кеңселердің салтанатты ашылу рәсімі және жаппай таныстырылым өткізілген. Бұл іс-шаралар әлеуметтік желіде жарияланып, халықтың сенімін қалыптастыру құралы ретінде пайдаланылған.
Жиналған ақша криптовалюталық платформада шығарылып, кейін банк шотына аударылған. Агенттік 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивке тыйым салынды.
Қаржылық мониторинг агенттігі CVK қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккендер болса тұрғылықты жері бойынша аумақтық департаменттерке жүгінуге шақырады.
Еске салсақ, Жамбыл облысында «ENVIDA AI» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды.