Бюджет қаражатын жымқырған бас есепші 7 жыл бас бостандығынан айырылды

Бүгін, 13:51
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Бюджет қаражатын жымқырған бас есепші 7 жыл бас бостандығынан айырылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Сот үкімімен Маңғыстау көп бейінді облыстық ауруханасының бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан,сондай-ақ 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Маңғыстау облысы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Облыс прокуратурасының тексеруі нәтижесіндеауруханада 32 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқыру фактісі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында бас есепші танысымен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударып, кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырғаны анықталды.

Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.

Сонымен қатар, бас есепшінің сыбайласына 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да балабақша меңгерушісі мен есепшісі 42 млн теңгені иемденгені туралы жаздық.