Бұрқасын, көктайғақ: Астаналық құтқарушылар ауа райына байланысты үндеу жасады

6 қаңтар, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бұрқасын, көктайғақ: Астаналық құтқарушылар ауа райына байланысты үндеу жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының құтқарушылары ауа райына байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 6 қаңтар күні Астанада қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей уақттарда 23 м/с дейін болуы мүмкін.

Осыған орай Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);

- балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

- егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберіске немесе дүкенге кіріңіз;

- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан материалдар құлап кетуі мүмкін;

- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;

- қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;

- жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

«Ең бастысы – аяқ киімнің табаны қалың, таймайтын, ал өкшесі төмен болуы қажет.

Қауіпті аймақтарды байқасаңыз, асықпай айналып өтіңіз.

Көктайғақ кезінде ауыр заттарды алып жүрмеген жөн.

Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласыңыздар», – дейді құтқарушылар.