«Болашақ ойындары-2026»: Президент халықаралық турнирге дейінгі кері санақты іске қосты

Бүгін, 14:50
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Болашақ ойындары-2026»: Президент халықаралық турнирге дейінгі кері санақты іске қосты
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты.

Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты.