Бизнесті жабу рәсімі қалай жеңілдетілді

Бизнесті жабу рәсімі қалай жеңілдетілді

Қазақстанда микро және шағын бизнес субъектілері үшін қызметін тоқтату тәртібі жеңілдетіліп, «таза парақ» тетігі бойынша жүзеге асырыла отырып, бірқатар шарт сақталған жағдайда камералдық бақылаусыз бизнесті жабуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Аталған тәртіп келесі талаптар бойынша жүргізіледі:

- Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде болмау;

- салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

- жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркелмеген.

Осы шарттар сақталған жағдайда қызметті тоқтату кезінде камералдық бақылау жүргізілмейді. Бұл ереже есептілік 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін тапсырылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты болған жағдайда қолданылады.

Рәсімді аяқтау үшін салық органына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- қызметті тоқтату туралы өтініш;

- таратуға байланысты салық есептілігі;

- бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы өтініш.

Ведомствода жеңілдетілген тәртіп тек белгіленген талаптар толық сақталған жағдайда ғана қолданылатыны атап өтілді. Шарттар сақталмаған жағдайда қызметті тоқтату камералдық бақылау жүргізу арқылы жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

Еске слаа кетсек, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде белгіледі.