05.12.2025
RU
Мәзір

Биылғы «Парыз» байқауына қатысушылар қайырымдылық шараларға 37 миллиард теңгеден астам қаржы салған

|
Биылғы «Парыз» байқауына қатысушылар қайырымдылық шараларға 37 миллиард теңгеден астам қаржы салған
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақта «Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды» деген сөз бар. 

Биылғы «Парыз» байқауына қатысушылар түрлі қайырымдылық шараларға 37 миллиард теңгеден астам қаржы салған. Бұл отандық бизнестің қоғам игілігі үшін аянбай адал қызмет етуге дайын екендігін көрсетеді. 

Осында отырған әр азаматтың туған елге деген ықылас-пейілі жас кәсіпкерлерге үлгі-өнеге болары сөзсіз. Сіздерге тағы да шынайы ризашылығымды білдіремін! Кәсіптеріңіз алға баса берсін! 

Баршаңызға амандық, табыс тілеймін!» - деді Президент. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтқаны туралы хабарладық

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗