Елімізде бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәлімдеуінше, еліміздегі мектептерде 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 9-15 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.