Бас мүфти Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Бүгін, 10:37
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бас мүфти Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады
Фото: muftyat.kz

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бас мүфти №516 сайлау учаскесіне барып, азаматтық міндетін орындап, дауыс берді.

Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру барысында азаматтар өз таңдауларын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты маңызды шешімге қатысуда.

Биыл алғаш рет жаңа бірпалаталы Құрылтайдың депутаттары сайланады. Осылайша, 23 тамыздағы сайлау еліміздің саяси жүйесіндегі маңызды тарихи кезеңдердің біріне айналмақ.

Еске салсақ, елімізде 2,2 млн қазақстандық Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.