12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Балқаш көлінде 250 келі балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

|
Photo: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Балқаш көлінде 250 келі балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

|
Photo: polisia.kz

Қарағанды облысында Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қарағанды облысының полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Балқаш қалалық желілік полиция бөлімі мен Балқаш-Алакөл аймақаралық бассейндік инспекциясымен бірлесіп, Балқаш моторлы қайықты тоқтатты.

Қайық ішінде 35 жастағы Жетісу облысының тұрғыны мен 37 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны болған.

«Тексеру сегіз жәшік табылып, тәркіленді. Жәшіктерден көксерке, ақтабан, табан, жая, жайын және сазан секілді балық түрлері анықталды. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы 252,3 келіні құрады. Сонымен қатар ұзындығы 2500 метр болатын Қытайда өндірілген тыйым салынған ау табылып, тәркіленді. Табиғатқа келтірілген залал сомасы 1,2 млн  теңгеден асқан», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша су биологиялық ресурстарын заңсыз аулау бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗