Референдум-2026

BaiQymyz-2026: Сыр елінен 200 литр қымыз, 1 тонна шұбат жетті

BaiQymyz-2026: Сыр елінен 200 литр қымыз, 1 тонна шұбат жетті
Фото: Аманғали Қалжанов

Астанада өтіп жатқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестиваліне Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Бесарық ауылынан қымызбен қатар шұбат та әкелінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Біз, негізінен, шұбат өндірумен айналысамыз. Бие саууды енді қолға алдық. Осы фестивальге 1 тонна шұбат, 200 литр қымыз әкелдік. Әйтсе де, жылқымыз аз емес, бірақ басым көпшілігі, 350 бас бордақыда тұр, яғни етті бағытта. Сүтті бағытты енді дамытып жатырмыз», - дейді «Сыр дәмі» қымызының иесі Дамир Әбілда.

Еске сала кетейік, Астанада ауқымды халықаралық BaiQymyz-2026 гастрофестивалі өтіп жатыр.

Аманғали Қалжанов