БҚО-да ер адам шөп орамының астында қалды
16 ақпан, 2025
фото: ТЖМ
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында 42 жастағы ер адам 300 келілік шөп орамының астында қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, оқиға ауыл маңында болған. Ер адам шөп үйіп жатқанда ауыр орам оның үстіне құлаған. Алайда кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат оның көмек сұраған дауысын естіп, дереу құтқарушыларға хабар берген.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы жабдықты қолданып, шөп орамының астында қалған ер адамды шығарып алды.
«Құтқару жұмыстары сәтті аяқталды. Зардап шегуші жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», — делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта жәбірленушінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.
Ұқсас жаңалықтар
16 тамыз, 2026
Астанада Есіл өзенінен жүзіп өтпек болған азаматқа көмек көрсетілді
14 тамыз, 2026
KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді - министрлік
14 тамыз, 2026
Кейбір өңірдегі тұтынушылар жарықтан ажыратылды - Энергетика министрлігінің мәлімдемесі
14 тамыз, 2026
Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды