Қазақстандықтарға 70 мың теңгеден төленетіні рас па
7 тамыз, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 мың теңге берілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сондай-ақ жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын ескертті.
«Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы таратылады», - делінген министрлік хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
6 мамыр, 2026
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
5 мамыр, 2026
Қарыз алушы кірісінен айырылса, не істеу керек – агенттік жауабы
4 мамыр, 2026
Еңбек министрлігі комада жатқан науқастар үшін мүгедектікті рәсімдеу тәртібін жеңілдетті
30 сәуір, 2026
Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды